Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу қажет

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осыған орай Шардара ауданы полиция бөлімі, әкімдік аппараты мен прокуратурасының ұйымдастыруымен «Тәрбиелі жастар-қауіпсіз қоғам» атты форум өткізілді.

Форумға әкім орынбасары Бауыржан Шомпиев, Полиция бөлімінің бастығы Шералы Әділханұлы, прокурор орынбасары, әділет кеңесшісі Нұрахым Сабит, полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлері, ардагерлер, оқушылар мен студенттер, ұстаздар және аудан тұрғындары қатысты.

Жалпы саны 300 адамды қамтыған бұл шарада жастар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірқатар баяндамалар оқылып, бейнебаян көрсетілді.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда барлық мүдделі органдармен бірігіп профилактикалық рейдтер ұйымдастырылып, ойын – сауық орындары, қолайсыз отбасылардың тұрмыстық жағдайы тексерілгені тиіс деген шешім қабылданды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ