Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу буллинг, кибербуллинг» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-2 бабы кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу буллинг, кибербуллинг» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

Түркістан облысының кәмелетке толмғандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Сауран «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-2 бабы кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу буллинг, кибербуллинг» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Түркістан облысыныңкәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.Мекембайқызы, Түркістан облысының Жетісай, Қазығұрт, Шардара, Сарыағаш, Төлеби Түлкібас, Арыс, Созақ, Байдібек, Ордабасы, Сайрам, Келес, Мақтаарал, Сауран, Кентау аудандарының ЖПҚБ ЮПТ УПИ қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелде сот төрағасының баяндамасы тыңдалды.

Кибербуллинг – біреуді цифрлық технологиялардың көмегімен қудалау екенін, кибербуллинг әлеуметтік желілерде, месенджерлерде, ойын платформалары мен ұялы телефондарда орын алатынын, жасөспірімдер арасында қорлау, мазақтау, қоқан-лоққы көрсету және кибербуллинг пен буллингтің ерекшеліктерін айтып өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, іс-шараның өзектілігін жұмыс барысында кездесетін бірқатар мәселелерді талқылап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-2 бабы бойынша заңға сәйкес хаттама тәртібін рәсімдеу жолдарын түсіндіріліп, полиция қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

ПІКІР ЖАЗУ