“Қайрат” пен “Реал” ойынында бюджетке қанша қаржы түседі?

Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасы аясында Қайрат пен мадридтік Реалдың ойыны өтеді. Шетелден 4 мыңға жуық жанкүйер келуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Туристер келуі үшін Алматы қаласы инфрақұрылымы, қонақ үйлер – қабылдауға бәрі дайын. Бұған дейін де үлкен іс-шаралар өткен болатын. Экономикаға қандай нәтиже алып келді нақты ойын аяқталған соң айтамыз, – деді ТСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

БАҚ өкілдері бююжетке қанша қаржы түсетініне байланысты алдын-ала болжамның қандай болатынын нақтылады.

4 мың турист келетін болса, шамамен 2- 3 млрд сомасында қаражат болады, – дейді спикер.