Қайрат Құдайбергеннің ұсталуына қатысты тың деректер айтылды
2022 жылғы 21 сәуірде Бас прокуратураның арнайы прокурорларының жетекшілігімен ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен 1983 жылы 25 желтоқсанда туған Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлын ұстады.Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі
Ұсталған Қайрат Құдайберген Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала тергеу барысында Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Джумагелдиевпен бірге (лақап аты «Дикий Арман») «Қазақстан» қонақүйінде халықты жинап, Жұмагелдиевтің төңірегіне бірігуге, оны қолдап, билікке ортақ талаптар қоюға шақырып, адамдарды 10 адамнан тұратын «торларға» бөліп, оларды топтасу белгісі ретінде қолдарға ақ мата байлауды тапсырған.Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі
Ведомство «Құдайберген-Жұмагелдиев ұйымдастырған бұл заңсыз әрекет күш көрсету және әртүрлі ауырлықтағы дене жарақатын келтірумен жаппай төбелеске ұласқанын» атап өтті.
Құдайбергеннің тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны «Қазақстан» қонақүйінде ұсталған Жұмагелдиев тобының мүшелерінің ұялы телефондарынан алынған бейнежазбалар мен куәгерлердің айғақтары арқылы расталады.Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі
Бұған дейін Алматыда мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны хабарланған болатын.