Қайнарбұлақ тұрғын алабында абоненттеу жұмыстары жүргізілуде

Қайнарбұлақ тұрғын алабында магистралды желілерге табиғи газ беріліп, тұрғындарды газға қосу жұмыстары атқарылуда. Абай ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Ажедин, “Қазақгаз аймақ” АҚ Шымкент өндірістік филиалының өкілдері азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен саяжайында 2022 жылы табиғи газ желілерінің құрылыс жұмыстары басталған болатын. “Отау строй” мекемесі тарапынан құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Саяжайда табиғи газ беру кезең-кезең бойынша жүзеге асырылады. Онда әлі құжаттарын рәсімдемеген үйлер бар.

Бүгінде тұрғындарды абоненттеу жұмыстары басталды. “Қазақгаз аймақ” мекемесі тарапынан қосымша сәйкестендіру жұмыстары жүргізіледі. Тұрғындардың өтініштері талапқа сай келген жағдайда газға қосылуға мүмкіндік бар. Бүгінгі іс-шарада тұрғындарға техникалық шарт алу керек екені, жалпы газға қосылу талаптары түсіндірілді. Магистралды желілерге газ келді. Енді тұрғындар өздері қосу жұмыстарын атқару қажет.

Айта кетсек, бүгінгі таңда абоненттердің 60%-ы тұрақты және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етілді. Қалған 40%-ын қараша айының соңына дейін қосу жоспарланып отыр.

ПІКІР ЖАЗУ