Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Инфрақұрылым : Шымкенттегі Тұран шағын ауданына қатынайтын №17 автобустың жолы ұзартылды

Шымкент қаласындағы «Тұран» шағын ауданын дамыту бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен көшпелі жиында аталған аудан тұрғындары №17 машрутты созу туралы өтініш жасаған болатын.

Тұрғындардың өтінішін назарға алған қала басшысы бұл мәселені шешуді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовқа тапсырған болатын. Міне бүгін басқарма басшысы өз бақылауына алып, аталған маршрутты Тұран-1-де орналасқан үйлерге дейін ұзартты.

№17 маршруттың аралық жиілігі 20-25 минутты құрайды. Бұл бағытта жұмыс күндері -7, ал демалыс күндері -5 автобус қызмет көрсетеді. Тағы айта кететін жағдай басқарма тарапынан м/а тұрғындары санының өсуіне байланысты №75 маршрутты қосу жұмыстары жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістандық велошабандоздар Жетісу өңірінде топ жарды

admin

Түркістанда Баян Бекетованың «Ақ періште әлемім!» атты шығармашылық кеші өтті

admin

Шымкентте су арналарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

admin