Грант бойынша көрсетілген бағыттар

 ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет Басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын ұсыну жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды

🔸️2022 жылы әрбір грантқа 3 млн.теңгеден 30 грант берілетін болады.

🔸️Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады.

🔸️Конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14-тен кем емес және 29-дан аспайтын, конкурсқа қатысуға өтінім берген ҚР кез-келген азаматы үміткер бола алады.

Гранттар осы бағыттар бойынша беріледі:
– ғылым;
– мәдениет;
– ақпараттық технологиялар;
– бизнес;
– медиа.

Толық ақпарат осында.

Тегтергрант

ПІКІР ЖАЗУ