Есірткіні жасырып қойып кетумен айналысқан жасөспірім қолға түсті
Қостанайда есірткіні жасырып қойып кетумен айналысқан жасөспірім қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 жастағы жергілікті тұрғынды Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері ұстады.
Оның өзімен электрлік таспамен оралған ақ ұнтағы бар 8 zip пакеті болды.
Кәмелетке толмағанның айтуы бойынша, ол бұл заттарды көшеде тауып алған.
Сараптама көрсеткендей, алынған заттың салмағы 3,86 грамм синтетикалық препарат болып шықты. Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ведомство жыл басынан бері есірткіге байланысты 200 құқық бұзушылық фактілерінің жолын кескенін атап өтті. Айналымға 43 кг есірткі, оның ішінде 2,5 келі синтетика жіберілмеді.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qostanajda-esirtkini-zhasyryp-qojyp-ketumen-ajnalysqan-zhasospirim-qolgha-tusti/