Есірткі жасырып кетуші қолға түсті
Алматыда есірткі жасырып кетуші қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полицейлер Жамбыл көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында арнайы іс-шара жүргізді. Жедел мәліметтер бойынша, есірткі жасырып кетумен айналысқан 36 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
– Жеке тінту кезінде күдіктіден ақ түсті ұнтақты зат салынған 15 байлам, күдіктінің көлігінен тағы 30 дана осыған ұқсас байламдар табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық істі тергеп жатыр. Қаланы есірткімен қамтамасыз еткен арна да, ұсталған азаматтың жұмыс берушісі де анықталуда, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабай.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/almatyda-esirtki-zhasyryp-ketushi-qolgha-tusti-2/