Ердоған Наурыз мерекесін ресми түрде атап өтуді ұсынды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Наурыз мерекесі түркі халықтарына ортақ мәдениет пен бірліктің символы екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Наурыз – тек бір этникалық қауымның ғана емес, бүкіл халықтың, ұлт пен географияның мерекесі. Бүгінде Түркістаннан Анатолияға, Балқаннан Кавказға дейін Наурыздың шуақты көктемі жайнап, жаңа күннің нұрын шашуда. Бұл мереке – алавиттер мен сүнниттердің, түріктер мен күрдтердің, барша түркі жұртының ортақ мейрамы. Наурыз – біздің ортақ мәдениетіміздің, тарихымыздың, тағдырымыз бен рухани бірлігіміздің ең маңызды символы. Біз бұл мерекенің мән-маңызын терең түсініп, оны одан әрі нығайта түсуіміз қажет деп санаймыз, – деді Түркия президенті.

Сондай-ақ ол осы айтулы күнді ресми мереке ретінде атап өтуді ұсынды.

Сіздермен бір маңызды ұсынысымызды бөліскіміз келеді. Кейбір бауырлас елдерде Наурыз ресми мереке ретінде атап өтіледі. Біз үшін бұл мейрамды Түркі мемлекеттері ұйымының аясында бірлесіп атап өтетін уақыт жетті деп есептейміз. Наурыз баршаңызға құт-береке әкелсін!, – деді ол.

ПІКІР ЖАЗУ