«Ер есімі – ел есінде» турнирі жоғары деңгейде өтті

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және ІІО ардагерлерінің ұйымдастыруымен, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында қылмыскердің қолынан қаза тапқан полицейлер Ақдаулет Тәжімаханбетұлы Сандыбаев пен Асқар Рүстембекұлы Жәрдембаевты еске алуға арналған футболдан жастар арасында турнир өтті.

Шардара ауданы спортшыларының басын қосқан бұл спорттық шараға 350-ден астам азаматтар қатысып, ең алдымен құран бағышталды. Шардара аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Шералы Әділханұлы мен Шардара ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бауыржан Шомпиевтер өз естеліктерімен бөліскен құттықтау сөзінен соң, Түркістан облысы бойынша Ардагерлер ұйымының төрағасы полиция полковнигі О.Жанқожаевқа сөз берілді.

Өз кезегінде қаза тапқан полицейлер Ақдәулет Сандыбаевтың қарындасы С.Тәжімаханбетқызы мен Асқар Жәрдембаевтың жары Г.Жанкисееваға бағалы сыйлықтар табысталып, артында қалған ұрпағына жылы лебіздер арналды.

16 құрама команда бақ сынасқан еске алу турнирінде жүлделі орындарға ие болған командалар аудандық полиция бастығының алғыс хатымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

«Ер есімі – ел есінде» еңбек жолында қаза тапқан полицейлердің есімі ұжымдас достарының есінде мәңгілік сақталады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ