“Энергетика саласын жаңғырту – уақыт талабы”
Шаһардағы Достық үйінде «АЭС -дамыған елдермен тең дәрежеде!» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Шымкент қаласы татар-башқұрт этномәдени бірлестігінiң өкілдері, жастар, белсенділері елімізде АЭС салудың қажеттілігі жөнінде ой-пікірлерін айтып, тұрғындарды референдумға қатысуға шақырды.
Шымкент қаласы татар-башқұрт этномәдени бірлестігінінiң төрағасы Шокиржан Бурнашев АЭС салу қажеттіліктен туындаған мәселе екенін атап өтті.
-Біздің этномәдени бірлестік маңызды бастаманы қолдайды. Бүгінде елімізде энергетика саласын жаңғырту қажеттігі туындап тұр. Жыл сайын энергия тұтыну көлемі артып келеді. Әлеуметтік нысандар, жаңа өндірістер салынып жатыр. Сондықтан да бізге атом электр станциясы қажет. АЭС – экономикалық тұрғыдан тиімді жоба. Біз еліміздің одан әрі өркендеуі үшін азаматтарды жалпыұлттық референдумге белсенді қатысуға шақырамыз, – дейді Ш.Бурнашев.
Сондай-ақ, жиында этномәдени бірлестіктің көшбасшылары, ардагерлер жаңа бастамаға үн қосып, қолдайтындарын жеткізді.