Еңбек ұжымдарында мағыналы кездесулер өтті

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері бүгін Түркістан қаласындағы еңбек ұжымдарымен түсіндіру кездесулерін өткізді. Жиын барысында энергетика саласындағы инновацияларды дамыту бағытындағы жаңалықтарға шолу жасалып, атом энергетткасына байланысты ғылыми байламдар жөнінде ақпар берілді.

Түркістан қаласының музыкалық драма театры мен «Ұлы дала елі» орталығында мәдениет және өнер саласы қызметкерлерімен өткен жиындарда еліміздің энергетика кешеніндегі бүгінгі ахуал таразыланды. Энергокешенді жаңарту мүмкіндіктері туралы пікірлер айтылып, атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикалық балансындағы экологияға зиянды көмір энергиясының үлесін азайту септесетініне мән берілді.

Қазақстан үшін АЭС құрылысы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің қабылданған стратегиясын жүзеге асырудың негізгі қадамы болатыны мәлімделді. Қазіргі кезде элнктр қуатының тапшылығы елдің оңтүстік аймақтарында айқын сезіліп жатқаны айтылып, жетіспейтін электр қуатының қажетті көлемі солтүстіктен келетін ағынмен жабылып отырғаны жария етілді.

Мәдениет саласының өкілдері қолға алынып жатқан бастаманы қолдайтындықтарын білдіріп, радиациядан келетін қауіпті болдырмас үшін станция құрылысында жаңа технологиялардың қолданылуын қоғам болып бақылаудың маңыздылығына назар аударды. Елдің болашағына қызмет ететін прогрессивті идеяның жүзеге асуына қоғам болып үлес қосуымыз керек екенін білдірді.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ