Еңбегі көптің өнбегі көп

Мичурин ауылдық округінің тұрғындары Асылбек Тәжібаев ұлы Азамат Тәжібаевпен бірге агроөнеркәсіпке бет қойғанына біршама жылдар толған. Алғашында арпа-бидай егетін. Кейін келе қияр, қызанақ, сарымсақ тағы да басқа бау-бақша өнімдерінің барлық түрін түгел дерлік егіп, өнім алған. Егін еккен соң, мол өнім алу үшін түрлі дәрілік тыңайтқыштар қолданғанымен, топырақтың құнарлылығы жойылып, егістік жерлер әбден тозған. Кейін биогумустың пайдасын біліп, бір түп көшеттен он есе өнім алатынын есітіп оның пайдасына көзін әбден жеткізген соң биогумус әзірлеуге бет бұрған.

Биогумус – органикалық тыңайтқыш, ауыл шаруашылығы қалдықтарының жауын құрттары және басқа да микроағзалармен (саңырауқұлақтар, бактериялар, актиномицедтер, жәндіктер, буынаяқтылар) өңделінген өнім. Биогумус топырақтың құнарлылығын, құрылымын және физикалық қасиеттерін жақсартады. Бұл тыңайтқышты қолданылғаннан кейін топырақты бірнеше жылдар бойы қатарынан қолдануға болады. Биогумустың пайдасы мынада:

  1. Биогумус құрамында өсімдікке қажетті барлық макро-мезо-микроэлементтер, ферменттер және дәрумендер бар.
  2. Биогумуста топырақты тірілтетін тірі гумин, фульво қышқылдары бар.
  3. Биогумуста ауыр металдар мен арамшөп өсіретін тұқымдар, гельминт құрттарының жұмыртқалары мүлде болмайды.
  4. Биогумус химиялық тыңайтқыш сияқты топырақты улап, ондағы макро-микроорганизмдерді өлтірмейді, керісінше топыраққа қажет макро-микроорганизмдерді бірге апарып, жерді тірілтіп, құнарлы дәрежеге әкеледі.
  5. Биогумус тұрақты түрде, жоғары сападағы экологиялық таза, денсаулыққа пайдалы жемістер мен көкөністер өсіруге көмек береді.

Өнімдерді егіп табиғи таза өнім пайдалану әрі табыс табу мақсатында осы салаға келген Тажибаевтар әулеті алғашында 10 кв\м шұбалшынды алып, биогумус әзірлеп бүгінде 5000 кв\м-ге жеткізіп отыр. Бұл органикалық тыңайтқышқа қызығушылар да көбейіп, Шаян және Шымкент қаласынан келіп алып кетуде. «Биогумусты литрмен сатамыз. Бір литрі 70 теңгеге бағаланады. Бір түпке бір литр биогомус салса, 10 есе өнім береді. Ешқандай нейтратталмаған, таза табиғи өнім денсаулыққа да пайдалы.

ПІКІР ЖАЗУ