Елордалық құтқарушылар су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруда
Елордалық құтқарушылар су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Қостанай облысында тәулік бойы Тобыл өзенінің үлкен көпірі ауданында инертті материалдары бар 1500-ге жуық қапты орау және төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Ашық алаңдарда, Тобыл қаласының үйлерінің аумағында су айдау жүргізілді.