Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Елордада «Толағай» алыптар сайысы өтеді

 Мемлекеттік рәміздер күніне орай 2 маусымда елордадағы «Астана Триатлон» саябағында «Толағай» алыптар сайысы өтеді. 

Ұлы даланың батырларын насихаттап, қазақтың этно-ойындарын дәріптеу мақсатында өткізілетін турнирде елордалық спортшылар бақ сынай алады. 

– Білекті батырлар сайыстың 5 түрі бойынша, яғни, 1,5 м ұзындықтағы темірді мойынға салып майыстыру, салмағы 100 келілік тасты межелі қашықтыққа дейін апару, 130 келі ауыр бөренені желкеге салып отырып-тұру, 200 келілік жүк артылған арбаны сүйреу, 10 келілік найзаны қашықтыққа лақтыру сияқты ерекше сайыс түрлері бойынша сынға түседі, — деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сайыс қыркүйек айында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Астана қаласы бойынша іріктеу кезеңі болып саналады. Яғни, бес сайыстың қорытындысы бойынша анықталған үздіктер алдағы республикалық турнирде бақ сынайды. 

Жарыстың ашылу салтанаты 2 маусым күні сағат 16.00-де, қатысушыларды тіркеу жарыс күні сағат 14.00-ге жоспарланған.

Айта кетейік, жалпы жүлде қоры 1 миллион теңгені құрайтын турнир Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен елорда төрінде екінші мәрте өтеді. 

Сәйкес жаңалықтар

Жыл соңына дейін 20 балалар ойын алаңшасы орнатылады

admin

Хирургтар ер адамның аяғын ампутациядан аман алып қалды

admin

Құжаттарын заңдастырмаған тұрғынға айыппұл салынды

admin