Елордада тағы бір жиһаз цехы өртенді
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада жиһаз цехынан өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша оқиға таңғы 8:44-те болған.
«ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Көктал к., бойынша жоғары дәрежеде шақырылды. Дереу елордалық өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы ұйымдастырылған. Алдын ала ауданы – 500 ш.м.», – деп хабарлады департаменттен.
Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 54 адам және 12 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Айта кетсек, 17 ақпан күні Астанада жиһаз жасайтын цех өртенген болатын.