Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Елордада полиция көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді анықтады

 Елордада көші-қон тұрақтылығын сақтау және көші-қон процестерінің қылмыстық ахуалға жағымсыз әсерінің ықтимал тәуекелдерін азайту мақсатында осы жылдың 12-19 маусым аралығында елордада “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер шетелдіктердің республика астанасында болуын, олардың шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заң талаптарын сақтауын, елден дер кезінде шығуын қадағалайды. 

Жедел шара басталғалы еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 256 шетел азаматы мен 42 Қазақстан Республикасының азаматы анықталды. 42 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Іс-шара кезеңінде құрылыс алаңдары, мейрамханалар, дәмханалар, базарлар мен сауда орталықтары тексеру жалғасуда. Операция барысында Есіл ауданының көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдік екі азаматты анықтады. 

Олардың бірі Қазақстанда болу мерзімінен асып кеткен. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 5 жыл мерзімге елден шығарылды. Екіншісіне қатысты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша сотқа дейінгі өндіріс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

«Жаңа толқын» бағдарламасында арнайы Отырар ауданынан келген жас актер Нәмішов Мұхаммед

admin

«Іскер қала»: кәсіпорындардың жалдау ақысының 75 % мемлекеттен төленеді

admin

Шымкентте жыл басынан бері 700-ден астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

admin