Елордада көктемгі дератизация жұмысы басталады
Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы елордада көктемгі дератизация жұмыстарын өткізуді бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар жеке секторды және ашық аумақтарды (саябақтар, зираттар, өзендердің жайылмалары, су қоймалары мен каналдар) қамтитын болады.
Тұрғындар арнайы улы препараттарды тегін алады, сондай-ақ сол жерде қауіпсіздік нұсқаулары өткізіледі. Мамандар тұрғын үйлерді 3 турда өңдейді (3 тур дегеніміз – дезинфекторлар жеке секторларға 3 рет кіреді). 28 мыңнан астам тұрғын үйді өңдеу жоспарлануда. Үй иелеріне сақтық шаралары туралы ұмытпау керек және улы препараттарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде: жертөлелерде немесе үйдің төбесінде орналастыру керек, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, дератизация ашық алаңдарда жүргізілетін болады. Улы препараттарды орнату өзендердің, каналдардың, су айдындарының жайылмаларында, зираттарда, саябақтарда жүргізіледі. Өңделетін ашық аумақтардың ауданы 3 264 гектарды құрайды.
Дератизация ҚР-да қолдануға рұқсат етілген құрамында Бромадиолон және Бродефор препараттарын қамтитын дән түріндегі улы препараттарды пайдалана отырып жүргізіледі.
Мұндай шаралар кеміргіштер санын азайту және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін қажет.