Еліміздегі агроқұрылымдардың 33 пайызы Түркістан облысында

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы республикада айрықша орын алады. Өйткені, еліміз бойынша аталған саладағы жалпы өнімнің 13%-ы күнгей өңірге тиесілі. Сондай-ақ, агроқұрылымдардың 33%-ы (80 мың) Түркістан облысында.

Биыл қаңтар-тамыз айлары аралығында облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 506,2 млрд. теңгеге жеткен. Ал салаға салынған инвестиция көлемі 50,4 млрд. теңгені құраған. Бұдан бөлек, агроөнеркәсіптік кешен саласында құны 10,6 млрд. теңгеге 26 жоба іске қосылып, 300-ге жуық жұмыс орындары ашылды.

Сонымен қатар, өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 870 мың гектарға егіліп, өткен жылмен салыстырғанда 9 мың гектарға артқан. Ал қарқынды баулардың көлемі 5 мың гектарға жетті. Сондай-ақ, республикадағы жылыжайлардың 70%-дан астамы Түркістан облысында, қазіргі таңда жалпы көлемі – 1 577,4 гектар.

Мал шаруашылығы бойынша да облыс жетекші орында. Елімізден экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 85%-ы, қой етінің 60%-ы облыс үлесінде. Биыл 8 айда 6,2 мың тонна ірі қара мал еті, 3,1 мың тонна қой еті экспортқа жөнелтілген. Қазіргі таңда облыс аумағында 1 млн 231,5 мың бас ірі қара мал, 5 млн 349,5 мың бас ұсақ мал, 465,2 мың бас жылқы, 41,7 мың бас түйе бар.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ПІКІР ЖАЗУ