Елімізде жатырын жалға бергісі келетін қыздар көбейді
Интернетте “біреуге бала тууға әзірмін” деп хабарлама беретін 18-27 жас аралығындағы қыз-келіншектер көбейген. Олар жатырын жалға бергені үшін 4 миллион теңгеге дейін гонорар алғысы келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі “Астана” телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл қызметке сұраныст көбейгендіктен әр қалада заңды түрде суррогат ана орталығы жұмыс істейді. Орталық қызметкерленің айтуынша, жылына, шамамен, 100-200 отбасы құрсақ ана көмегімен балалы болады.
Болам деген қыздар көп. Біз алатынымыз 25 жастан 33-34 жасқа дейін ғана аламыз. Жас қыздарды алмаймыз. Себебі, психологиясы дайын емес. Олар басында ақшаға қиналып жатқан кезінде, жарнама көргеннен кейін, ақшасы төленеді дегеннен кейін келеді. Бірақ бұл әрекетін саналы түрде түсінбейді, – дейді орталық басшысы Дамира Бекбергенова.
Негізінен, суррогат ана болудың тәртібі заң жүзінде бекітілген. “Неке және отбасы туралы” Кодексінің тоғызыншы тарауында ананың жасы мен денсаулығы көрсетілген. Сондай-ақ, «жалдамалы» ана мен тапсырыс беруші азаматтың арасындағы келісім шарттар осы заңнамаға сәйкес жасалады.
Суррогат ана 20-дан 35-ке дейін болу керек. Екінші талап бұл – арнайы медициналық ұйымның қорытындысы керек. Ол жерде денсаулығы, психикалық және репродуктивті денсаулығы сай екенінің қорытындысы керек. Үшіншісі ол – суррогат ананың бір туған сау баласы болуы керек, – дейді заңгер Олжас Лекеров.
Қойылатын талаптың қатаңдығына қарамастан, елімізде «құрсақ ана» болуға құштар әйел көп. Елімізде бұл қызмет алғаш пайда болған жылдары тапсырыс берушілер сәби үні үшін 1 немесе 2 бөлмелі пәтерге дейін ақы берген. Қазір өзгенің перзентін көтеріп беруге дайын адам көбейген соң, нарықта олардың құны арзандапты.
Бұл мәселеге қатысты дін өкілдері де жауап берді. суррогат жолмен дүниеге келген бала некесіз туған боп саналады – дейді.
Жалға берілетіндей адамның құрсағы, бұл рұқсат берілген зат емес. Біреу өзінің үйін, өзінің көлігін, өзінің ыдысын жалға беруге болады. Ал әйелді, некелі әйел өзінің ғана күйеуіне халал болады, – дейді ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі Сансызбай Құрбанұлы.