Елімізде жасөспірімдер қылмысы 30%-ға төмендеді

 Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов осындай ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маман сөзінше, қылмыстың алдын – алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылған. 

2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында түрлі акциялар, тұрғылықты жері бойынша бару, мектептерде дәрістер, «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» және т. б. жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. 

Әрбір мектепке полиция қызметкерлері бекітілген. Бұл бұзушылықтарды уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Құқықтық түсіндіру сабақтары ұйымдастырылып, «Ерлік сабағы» және жеке қауіпсіздік бойынша дәрістер өткізіледі. Осы шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері жасөспірімдер қылмысы 30%, ал олардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар 2,1%-ға төмендеді, – деді спикер.