Елімізде төрт министр қызметінен кетті
Мемлекет басшысының жарлықтарымен төрт министр лауазымды қызметінен кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;
Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;
Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;
Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.