Елдің болашағы үшін жасалған маңызды таңдау

Бүгін Орталық референдум комиссиясы дауыс берудің алдын ала қорытындысын жария еткенінен хабардармыз. Қазақстандықтардың 71,12%-ы АЭС құрылысын қолдағаны жөнінде ақпарат берілді. Мемлекет басшысы Қазақстан үшін таза атом энергиясының мәнін зор деп бағалады. Бұл – ел экономикасының болашағына тікелей әсер ететін айрықша маңызды мәселе деп айтты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов референдум қорытындысы – қоғамдағы көңіл-күйдің нақты көрінісі деп атап өтті. Бұл – Президенттің Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған саяси реформалар бағдарының басты нәтижесі бағалады.

Қазақстанда АЭС салу жөнінде жалпыхалықтық референдумның өтуі қазақстандықтар үшін тарихи күн болып қалды десек те болады. Мемлекетіміздің дамуы үшін, экономикамыздың өсуі мақсатында, болашақ ұрпағымыздың жағдайына назар аударылған жөнінде шешім қабылданған күн ретінде тарихқа енді.

Мен Камира Сламбекқызы Өмірбай кеше 6- ші қазанда таңертең сағат 6.00- де Жетісай қаласындағы 877-ші референдум учаскесіне барып, “АMANAT” партиясының өкілі ретінде байқаушыларға белгіленген орынға жайғасып, референдумнің өтуін күні бойы бақылап отырдым, азаматтардың дауыс беру барысын қадағаладым. Сайлау учаскесі уақтылы ашылып, сайлау комиссиясының мүшелері заң талаптарына сай жұмыс атқарып, осы сайлау учаскесіне тіркелген азаматтарға дауыс беру бойынша барша қызметтерін көрсетті.

Тұрғындар өз тарапынан белсенділік танытып, құқықтарын пайдалана отырып дауыс беру бюллетеньдерін алды, өз таңдауларын жасады. Байқағаным – көпшілік дауыс бергендеріне қуанып, суретке түсіп жатты. Ал, біраз сайлаушылар ұл-қыздарын, немерелерін бірге ертіп келіп, не үшін дауыс беріп жатқанын түсіндіріп жатты. Ол да әдемі көрініс болды. Ия, жастар бұл АЭС мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, келешек ұрпақтарымызға қажет екенін ұғынып жатты. Көпшіліктің дұрыс қабылдаған шешімдері бізді алға жетейлейтінін, ауызбіршілікті, ынтымағымызды білдіретінін түсінгенін көрсетті.

Өзім бекітілген референдум учаскесінде референдум туралы заң талаптарының толық сақталғанын растаймын. Кеше телеарналарда беріліп жатқан ақпараттар бойынша сайлаушылардың белсенділігі жөнінде Түркістан облысы алдыңғы қатарда болғаны мені қуантты.

Бүгін теледидар арқылы Орталық референдум комиссиясының алдын ала нәтижелері бойынша дауыс беру нәтижелерін тыңдап, АЭС салуды қолдап дауыс берген азаматтардың саны басым болғанын ризашылықпен қабылдадым. Алға Қазақстан!

Камира Сламбекқызы Өмірбай – “АMANAT” партиясы Жетісай аудандық филиалының АЭС салуды қолдау жөніндегі штабтың мүшесі, Жетісай аудандық ақпараттық ресурстық орталығының үйлестірүшісі, “Шаңырақ” отбасы клубының жетекшісі, Жетісай ауданының Құрметті азаматы

ПІКІР ЖАЗУ