Елдегі медициналық авиация паркі жаңартылады

Елімізде медициналық авиация паркі жаңартылады, Бұл туралы елордада Еуразиялық шұғыл медицина қауымдастығының III съезінің аясында өтіп жатқан конференция барысында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басшысы Ержан Әділбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, ел аумағында медициналық авиацияның жеткіліксіздігі проблемасы жоқ. Атап айтқанда, сала 15 РС-12 тікұшағы, 15 Eurocopter тікұшағы, бір ЯК-40 ұшағы мен 11 АН-2 ұшағымен қамтылған. Қазақстандық азаматтарды шетелдік емханалардан тасымалдау мәселесін көтергім келеді. Ескеретін жайт, Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. 2011 мен 2024 жылдар аралығында біз түрлі мемлекеттен 300-ден астам пациенттерімізді эвакуацияладық, – деп атап өтті орталық басшысы.
Сонымен қатар ол ескірген әуе кемелерін жаңарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын алға тартты.
Біз алдағы үш жыл ішінде ескірген әуе кемелерін толықтай жаңартамыз деп үміттенеміз. Мысалы, біздің ЯК-40 ұшағы трансплантациялық қызметтер үшін қолданылады. Қазіргі уақытта оны заманауи Bombardier CRJ 200 ұшақтарына ауыстыру бойынша ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл ұшақтар ең жоғары сипаттамаға ие, олар ыңғайлы және екі есе жылдам, – деді Ержан Әділбеков.
Еске салайық, бұған дейін Астанада шұғыл медицина көмек бойынша халықаралық жиын өтіп жатқаны туралы жазған едік.