Экологиялық мәдениетті орнықтыруға қарай аршынды қадам жасаймыз

Мемлекет басшысы елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатқанын кешегі өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді. Экологиялық ахуалды жақсарту Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі тармақтарының бірі болып енді. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама екенін айтқан Қасым-Жомарт Кемелұлы, осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып жатқанын жеткізді.

«AMANAT» партиясы Мемлекет басшысы ұйытқы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы, туған елге деген сүйіспеншіліктің, жанашырлықтың үлгісі деп біліп, әр аптаның бейсенбісін тазалық күні деп жариялап, жұртшылығымызды өз туған жерін көркейтуге үлес қосуға жұмылдырып келеді. Экологияның тазалығын сақтауға және оның қауіпсіздігін қамту мәселесіне күні кеше Парламент Мәжілісінің спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың қатысуымен өткен АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың алғашқы отырысында айрықша мән берілді.

Халықтық штабқа біріккен еліміздегі жетекші саяси партиялардың, азаматтық ұйымдардың өкілдері атом электростанциясын салу – қоршаған ортаның қауіпсіздігін сақтаудың тиімді жолы екенінен ортақ ұстанымдарын білдіріп, прогрессивті идея аясына жұртшылықты бірігуге шақырды.

Қоршаған ортаның тазалығын қамтуда Сарыағаш ауданындағы партияластарымыз аудан орталығындағы «Айрылмас» этно-мәдени саябағы кешенінің аумағында көркейту, абаттандыру жұмыстарына қатысты. Аудан басшылығы, депутаттық корпус өкілдері, қоғам белсенділері мен жастар қолға алған бастаманы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ Медиа» холдингінің директоры Дулат Әбіш бастаған БАҚ өкілдері мен өлкетанушылар қолдап, ізгілікті істі атқаруға күш біріктірді.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ