Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Дүниежүзілік тазалық күні: Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акция аясында және Дүниежүзілік тазалық күніне (World Cleanup Day) орай осы сенбі, 20 қыркүйекте елордада жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенбілік барысында қаланың қоқыстан тазартылуы, саябақтар мен гүлзарлардың, аулалардың, сондай-ақ сауда орындарына, қоғамдық тамақтану нысандарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтардың ретке келтірілуі жоспарланып отыр.

Ауқымды тазалық жұмысы аясында Астананың алты ауданында ағаш отырғызылады.

Әкімдік қалалық кәсіпорындарды, МИБ (ПИК), шағын және орта бизнес субъектілерін, еріктілер мен белсенді тұрғындарды экоакцияға қатысып, тазалыққа үлес қосуға шақырады.

Еске сала кетейік, экоакцияның негізгі мақсаты – қоғам назарын қаланың көшелерінде тазалықты сақтау мәселелеріне аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Қала тұрғындары мен ұйымдары көшелер мен аулаларды абаттандыру ісіне үлес қоса алады. Экоакция сағат 10:00-де басталады.

Сәйкес жаңалықтар

Сараптамалық кеңестер «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 6 мыңнан астам өтінішті қарады

admin

Дархан Сатыбалды Кентауда штаб отырысын өткізді

admin

Шымкент әкімінің шалғай елдімекендерде инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасы орындалуда

admin