Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында ІІМ қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілуіне орай Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүкіл ел бойынша қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Халықаралық іс-шараның Астанада өтетінін ескере отырып, елордаға ерекше назар аударылды. 3 қыркүйек күні мұнда қызметке кірісетін кешенді күштердің жалпы гарнизондық жиыны болды. ІІМ басшылығы жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға дайындығын тексерді. Қызметкерлер құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ азаматтармен өзара іс-қимыл жасау кезінде сыпайылық танытуға бағдарланған. ІІМ елорда тұрғындары мен қонақтарын заңды сақтауға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/duniezhuzilik-koshpendiler-ojyndary-qarsangynda-iim-qyzmet-otkeruding-kushejtilgen-nusqasyna-koshti/?fbclid=IwY2xjawFJeAlleHRuA2FlbQIxMQABHbB0s54r-wNfm63st3sR1002i8XmapA0Z1jjOdJAUv2HnkiTvaYWtvj2Vg_aem_9bxRNs50Tj7OmqPmFtvTSg

ПІКІР ЖАЗУ