Домалақ ана кесенесі

Халық арасында «Домалақ ана» атанған Нұрилә – Бәйдібек бабаның үшінші әйелі. Домалақ ана 1375-1456 жылдары өмір сүрген. Түркістандағы Баб Араб мешітінің имамы Мақтым Ағзам қожаның жалғыз ұлы Али Сыманның қызы. Али Сыман Моғолстан ханы Уәйіс ханның апкесі Нұрбикеге үйленген, Әмір темірдің әскерін басқарып, уақытының көбін жорықта өткізген. Бір күні Нұрила құдықтан су алыып жатқанда аяғы тайып құдыққа құлайды. Бәйдібек би нөкерлерімен келе жатып оқыйға үстінен түсіп, қызды құтқарып алады. Нұрила 19 жасында атасының болжап айтуымен екі әйелі бар Бәйдібек биге 3 әйелі болып тұрмыс құрады. Ел ішіндегі деректерге қарағанда, оған «Дихнат мама» деген атауды түп тегі түрік Қара Хайдар деген кісі қойған. «Дихнат мама» – парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағына береді. Домалақ ана халық есінде ибалы сүюші ана ретінде қалды. Домалақ ана кесенесінің биіктігі 12 м, 8 қалпақша күмбез негізгі құрылыста орнатылған. Қазір кесенеге көп туристтер келеді. Домалақ ана қазақтар үшін аналық және ұрпақ жалғасы таңбасы.

ПІКІР ЖАЗУ