Діни экстермизм – ғасыр індеті

Діни экстремизм – қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі ретінде танылды. Діни экстремизм мен терроризм адамзат қауіпсіздігіне төнетін басты қауіп болғандықтан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен бастап аймақтық халықаралық ұйымдарға дейінгі ең жоғары алаңдарда айтылады. Экстремизм – бұл қайсы бір проблемаларды шешуге бағытталған ең шеткі діни дүниетанымды жақтаушылық және радикалды іс-әрекеттер. Діни келіспеушілікті тұтандыруға бағытталған, азаматтардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, құқығына, қауіп төндіретін іс әрекеттерімен көрінетін радикалды сенімдерді тарату» деп анықтама берген. Дін бостандығы көптеген дәстүрлі емес ағымдардың таралуына әкелді, олардың арасында деструктивті, тоталитарлық сипаттағы ағымдар бар.
Бас прокуратура жанындағы «Құқық қорғау органдары академиясы» мамандарының айтуынша елімізде экстремизм-терроризм бойынша қылмыстың саны артты. Статистикаға сүйенсек, былтыр 111 қылмыс тіркелген.
Қылмыс жасағандардың 95 пайызы – Қазақстан азаматы, тек 2,4 пайызы – ТМД елдерінің өкілдері. Ал қалған 1,4 пайызы – азаматтығы жоқ адамдар. Қылмыстардың көбі Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Ақмола облыстарында тіркелген.
Экстремистік діни ағымдар сырттай қарағанда дінге сәйкестікті көрсетеді, яғни барлық әдет-ғұрып, діни іс-әрекеттер көз бояушылықпен сырт көз үшін жасалынады. Оның көшбасшылары жақтаушыларының алдында әсерлі сөз сөйлейді. Алайда олардың әрекеттері адамды рухани жетілдіру мен өнегелік құндылықтарға бейімдеуге бағытталмаған. Адамға рухани және физикалық қысым жасалынады.
Діни экстремизммен күресу – күрделі әрі маңызды іс. Діни экстремизмді жеңу үшін қарсы әрекет етудің әр түрлі формаларын қолдануға болады: саяси, әлеуметтанулық, психологиялық, ақпараттық және басқалар.
Теріс ағымның жетегінде кеткендермен күресті бір сәтке де тоқтатуға болмайды дейді мамандар. Аталмыш топтардың қатарын қоғамда өз орнын таба алмаған азаматтар мен діни сауаты қалыптаспаған жастар толықтырып келеді.
Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйымдар туралы, реттелмеген экспансия сипаты бар тоталитарлық секталар туралы, білім беру, денсаулық сақтау және үкіметке белсенді енуге тырысып жатқандығы туралы айтады. Мұндай ағымның ықпалына шахид ретінде өлім қабылдауға ниет білдірген радикалды жасөспірімдер тез түседі екен. Әлеуметтік желілерде радикалды, экстремистік көзқарастағы бейнематериалдар мен жазбаларды таратқандығы үшін жүздеген азамат бас бостандығынан айырылған. Адамдар әлеуметтік желідегі пікірлері үшін де жауапқа тартылатындығын білгені дұрыс.
Экстремистер қолданыстағы мемлекеттік және қоғамдық институттарға қарсы шығып, олардың мақсаттарына жету үшін оларды өзгертуге немесе жоюға тырысады. Ол үшін жарқын ұрандар, ұйымдасқан тәртіпсіздіктер, ереуілдер, азаматтық бағынбау, партизандық соғыс әдістері, сондай-ақ террористік актілер және т.б. қолданылады.
Осы орайда, дінге қатысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда ресми тіркелген діни бірлестіктерге жүгінген жөн.

 

ПІКІР ЖАЗУ