Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Департамент басшысы 2,5 млн теңге жалақыны кімге жазып берген

Департамент басшысы 1 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Антикорға сілтеме жасап.  Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге назар аударады. 

Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық департаменттердің бірінің басшысына және оған бағынысты қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Департамент басшысы орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 1 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. 

Сонымен қатар, айыпталушылар жалған жұмыспен қамтылған қызметкерлердің шоттарына жалпы сомасы 2,5 млн теңгеге жалақы, сыйлықақы және іссапар шығыстарын негізсіз аудару арқылы адамдар тобында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда, — делінген ақпаратта.

Айыпталушылар сотқа тартылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
 

Сәйкес жаңалықтар

Шымкенттің туристік әлеуеті жақсарып келеді

admin

Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушылары «Roboland 2022»VIІ Халықаралық робототехника фестивалінде жүлдемен оралды

admin

Сарыағаш: аудан әкімі Арман Абдуллаев табиғи газға қосу жұмыстарымен танысты

admin