Дәурен Абаев Төлебидегі “Суретшілер үйінде” қылқалам шеберлерімен кездесті
-
Түркістан облысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев іссапармен келді. Мәдениет саласына жауапты министр былтыр Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында Аққұм ауылында ашылған «Суретшілер үйінің» жұмысымен танысты. Өңірдің талантты қылқалам шеберлерінің көрмесін тамашалады. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Құттыбек Жақыповпен пікірлесті.
Министр қазақ ұлттық гобелен өнерінің үздігі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құрасбек Тыныбековтің туындыларымен танысты. Дәурен Әскербекұлы іссапар барысында қылқалам шеберлерімен кездесіп, жас таланттарға шығармашылық шабыт тіледі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіТүркістан обылы әкімінің баспасөз қызметі
__В Туркестанскую область с визитом прибыл министр культуры и спорта Республики Казахстан Даурен Абаев. Министр культуры ознакомился с работой Дома художников, открытого в селе Аккум в рамках празднования 30-летия независимости страны в прошлом году. Он посетил выставку талантливых художников региона, обменялся мнениями и идеями с членом Союза художников Казахстана Куттыбеком Жакуповым.
Министр ознакомился с произведениями мастера национального гобеленового искусства, лауреата Государственной премии Курасбека Тыныбекова. В ходе командировки Даурен Абаев встретился с мастерами кисти и пожелал молодым талантам творческого вдохновения.Пресс-служба акима Туркестанской области