Дәурен Абаев спорт төрешілерінің еңбекақысын көтеру туралы айтты
-
Бүгін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті. Қатысушылар өңірдегі мәдениет нысандарын қайта құру, туризм мен бұқаралық спортты дамытуға қатысты сұрақтар қойды.Кездесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитов модераторлық етті.
– Біздің бүгінгі кездесуіміз – демократияландырудың, бүкіл мемлекеттік биліктің транспаренттілігін арттырудың және атқарушы органдардың жауапкершілігінің тағы бір дәлелі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша халықпен тұрақты кездесулер «Жаңа Қазақстан» жақсы белгісі болуы тиіс деп санаймын, – деді министр.Кездесу барысында Дәурен Абаев соңғы 3 жылда Түркістан облысының туризм саласына инвестиция көлемі 255,8 млрд теңгеге жеткенін атап өтті.
– Қысқа мерзім ішінде облыста 40-тан астам жаңа қонақ үй мен 30-ға жуық мәдени нысан іске қосылып туристерге қызмет көрсетіп отыр. Олардың бірегейі – «Керуен сарай» көпфункционалды туристік кешені. Бұл нысан өңірдің экономикасын дамытуға елеулі үлес қосуда. Жаңа 600 жұмыс орынымен қамтамасыз етіп, 208 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартып отыр. Бүгінгі таңда облыс аумағында жалпы сомасы 86,9 млрд. теңгені құрайтын 35 туристік инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, – деді министр.
Министр сонымен бірге Түркістан облысында 685 мәдениет мекемесі жұмыс істейтінін хабарлады. Осы жылы өңірде 3 нысанның құрылысы және 14 мәдениет нысанының жөндеу жұмыстары, сондай-ақ мемлекеттік тілде көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар үшін кітапхана қорын ұлғайту жоспарланған.
Дәурен Абаев басым міндеттердің бірі – бұқаралық спортты дамыту екенін атап өтті. Осы мақсатта Түркістан облысында 5 жаңа нысан салу және 1 спорт нысанын қайта жаңарту көзделген. Сонымен қатар министрлік жұмысының маңызды бағыты – спорт төрешілерінің еңбекақысын арттыру.
– Біз спорт төрешілерінің еңбекақысын көтеруге бастамашы болдық. Үлкен жұмыс атқарылды. Бұл көптеген төрешілер үшін қосымша мотивация болады және мамандықтың беделін арттыруға, жаңа мамандардың келуіне ықпал етеді.Министр культуры и спорта Даурен Абаев провел встречу с жителями Туркестанской области. Участники задавали вопросы касательно реконструкции объектов культуры, развития туризма и массового спорта в регионе. Модератором встречи выступил заместитель акима области Арман Сабитов. «Наша сегодняшняя встреча – это еще одно свидетельство демократизации, повышения транспарентности всей государственной власти и ответственности исполнительных органов. Считаю, что регулярные встречи с населением, которые проводятся по поручению Главы Государства Касым-Жомарта Токаева, должны стать хорошим маркером «Жаңа Қазақстан», – сказал министр.
В ходе встречи Даурен Абаев отметил, за последние 3 года объем инвестиций в сферу туризма Туркестанской области достиг 255,8 млрд тенге. «За короткий период в области открыто более 40 новых гостиниц и около 30 культурных объектов. Один из них – многофункциональный туристический комплекс «Караван сарай». Этот объект вносит значительный вклад в развитие экономики региона. Он обеспечивает 600 рабочих мест и привлекает инвестиции в размере 208 млн долларов США. В целом на сегодняшний день на территории области реализуются 35 туристских инвестиционных проектов на общую сумму 86,9 млрд тенге», – сказал министр.
Также глава ведомства сообщил, что в Туркестанской области функционируют 685 учреждений культуры. Втекущем году в регионе запланировано строительство 3 объектов и ремонт 14 объектов культуры, а также увеличение фонда библиотек для незрячих и слабовидящих граждан на государственном языке.
Даурен Абаев отметил, что одной из приоритетных задач является развитие массового спорта. В этих целях в Туркестанской области предусмотрено строительство 5 новых объектов и реконструкция 1 объекта спорта.Кроме того, важным направлением работы ведомства, по словам министра, является повышение оплаты труда спортивных судей.