«Дауды медиация тәртібімен реттеудің тиімділігі» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел өткізілді
Сарыағаш аудандық сотының ұйымдастыруымен судьялар, медиаторлардың, банк, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктердің өкілдерінің қатысуында «Дауды медиация тәртібімен реттеудің тиімділігі» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел өткізілді.
Іс шараны судья А.Малаева ашып, сотқа түскен дауларды татуласу рәсімдерімен реттеудің тиімділігі мен маңыздылығына кеңінен тоқталып, медиацияның негізгі мақсаты тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету және дауды (жанжалды) медиация тараптарын қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу болғандықтан бүгінде сотқа түскен талап қоюлар бойынша татуластыру шаралары қарастырылып отыр. Бүгінгі күні микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктерімен берілген бірқатар талап қоюлар медиация тәртібімен реттелгенін атап өтіп, алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстардың тұрақты жүргізілетінін айтты. Іс-шара барысында қатысушыларға сотта дауды медиация тәртібімен реттеу сатысында татуластыру рәсімдерін өткізу мүмкіндіктері түсіндірілді.
Сонымен қатар қазіргі таңда сотқа банк, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктерден түсіп жатқан арыздардың басым бөлігі орыс тілінде түсуіне байланысты мемлекеттік тілдің көрсеткіші төмендегенін айтты. Аудан тұрғындарының көпшілігі қазақ халқы болуына байланысты алдағы уақытта талап қоюларды мүмкіндігінше мемлекеттік тілде беруді ұсынды.
Іс-шараны қорытындылай келе судья А.Малаева қатысушыларға алғысын білдіріп, халық үшін бірге атсалысып жұмыс жасауға шақырды.