Дәрігерлерге үстемақы төленетін болды

 2025 жылы медицина саласында қандай өзгеріс болатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылдан бастап медицина қызметкерлеріне ынталандыру төлемдері беріледі. ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы Әсел Қыдырәлиева ол кімге және қалай төленетінін түсіндірді.

Медицина қызметкерлеріне ынталандыру компоненттері бар. Бізде өңірдегі дәрігерлер аймақтарға барады. Егер олар туберкулез және қатерлі ісікті ерте, 0,1 сатыда анықтаса, онда дәрігерлерге үстемақы бонус түрінде беріледі, – деп айтты ДСМ өкілі. Оның сөзінше, бұл мәселеге қатысты бұйрық жобасы бүгінде бекітілген. Қазір ақпараттық жүйелердің жұмысы осы бұйрыққа сәйкес реттеліп жатыр.

Еске салсақ, еңбекке жарамсыз анықтаманы дәрігер жұмыс орнына тікелей жіберетіні туралы жазған болатынбыз.

ПІКІР ЖАЗУ