Дархан Сатыбалды Түркістандағы құрылыс алаңдарын аралады

Түркістан қаласында Әмір Темір атындағы 300 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Мектеп құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мердігерлермен кездесіп, жұмыс барысын пысықтады. Құрылыс сапасына басты назар аударуды тапсырды.

Сонымен қатар облыс басшысы қала аумағын жаяу аралап, бірқатар нысандарда жүріп жатқан жұмыс барысын бақылады. Сондай-ақ «Жеті ата» қақпасында болды. Тарихта киелі Түркістан қаласының 4 қақпасы жайлы айтылады. Сол 4 қақпаның бірі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 620 метр қашықтықта орналасқан «Жеті ата» қақпасы. Бұл – қалаға келуші туристердің жиі баратын жері.

Қақпа 1928-1932жж. дейін сақталып келген. 2009 жылы қайта қалпына келтірілген. Мазараттың атауы Қожа Ахмет Ясауидің осында жерленген жеті мүридінің (шәкірті) кесенесімен байланысты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ