Дархан Сатыбалды Кентаудағы жылу жүйелерін жаңғырту жұмыстарын пысықтады

Кентау қаласының жылу энерго орталығын жаңа жылыту маусымында сапалы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексерген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жылу көздерін жаңғырту барысын бақылап, жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Белгіленген мерзімінде аяқтап, сапасына басты назар аударуды міндеттеді. Жылу көздерін қайта құрылымдау кестеге сәйкес жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстарына қажетті қондырғылар шетелден тасымалданады. Осыған қатысты облыс әкімі тапсырыс беру жұмыстарын ширатуды жүктеді. Мердігерлерге кестеден қалған әр күнге белгіленген айыппұлдың артатынын ескертті. Жөндеу жұмыстарының барысы облыс әкімінің тікелей бақылауында.

– Жылу орталығындағы жаңарту жұмыстары ерекше назарда. Тұрғындардың мүддесі қорғалып, жылудан мәселе туындамауы керек. Сол үшін адал, сапалы жұмыс істеңіздер. Қателікке, кемшілікке жол берілмейді. Мұқият болыңыздар. Жаңа жылу маусымына 4 бірдей қазандық толықтай жаңадан орнатылады. Тағы екі қазандық жөнделіп, толыққанды жұмыс істейді. Келісімшартта көрсетілген барлық талаптар толық орындалуы тиіс. Күрделі жөндеу, қазандықтарды ауыстыру жұмыстарының сапасына басты назар аударған жөн. Барлық жұмыстардың талапқа сай орындалуының қатаң қадағалауда, – деді Дархан Сатыбалды.

Заңсыз жылу жүйесене қосылғандар әлі де анықталуда. Кәсіпкерлік нысандар мен жеке үйлер тексеріледі, заңсыз қосылғандар орталық жылу көзінен ажыратылады. Тұрғын үйдің ішкі жылу құбырлары да тозған. Жылу сапасын жақсарту жұмыстары атқарылуда. 

ПІКІР ЖАЗУ