Дарбазада 671 гектар жер ортақ жайылымға берілді
Аудан әкімі Мұхит Отаршиев Дарбаза ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.
Аудан басшысы кездесу барысында алдымен Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы тоқталып, одан соң Сарыағаш ауданында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.Жиын барысында тұрғындардың басым бөлігі ауыз су, жолға асфальт төсеу, мобильді интернет, тозығы жеткен электр бағаналары мен желілерін ауыстыру, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру туралы өтініштері мен пікірлерін айтты. Өз кезегінде аудан басшысы Дарбаза ауылдық округіндегі атқарылып жатқан жұмыстар бойынша тоқталды. Атап айтқанда: Ердәуіт және 51 разьезд елді мекендерінде тозығы жеткен электр бағаналары мен желілерін ауыстыру үшін биылғы жылға республикалық бюджет есебінен тиісті қаржысы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталатын болады.
Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отырған ортақ жайылым жер мәселесі бойынша аудан басшысы ағымдағы жылы нәтижелі жұмыстың арқасында Дарбаза ауылдық округіндегі жалпы 671 га жер ортақ жайылымға берілгендігін атап өтті.
Сонымен қатар, биылғы жылы Дарбаза ауылдық округінде 2,7 шақырым орта жөндеу жұмыстары және 6,7 шақырым тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.Кездесу қортындысымен аудан басшысы бірінші кезекте аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендердің мәселелерін мемлекеттік бағдарламалар және жергілікті бюджет арқылы тиімді жүзеге асырылып жатқандығын және алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасатындығын атап өтті.
Кездесуден кейін, аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдауға келген ауыл тұрғындары мобильді интернет, жолға асфальт төсеу мәселелері бойынша өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Аудан басшысы тұрғындарды қабылдау барысында ауылдық округ әкімі мен тиісті мекеме басшыларына әрбір өтінішті назарға алып, заңға сәйкес оң шешуді тапсырды.
Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі