“Даланың иісі аңқыған,қарттарым аман -сау жүрші”

“Созақ” жалпы орта мектеп-гимназиясында 11 қазан күні 9 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен “Даланың иісі аңқыған,қарттарым аман -сау жүрші” тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Кештің мақсаты оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне,инабаттылыққа,жақсы мен жаманды ажырата білуге,аталы сөзден ғибрат алуға үйрету .
Кеш қонақтары: еңбек ардагері Сүлейменов Абдразақ ағай, қарт ұстаздарымыз Кейкиев Сейтбек,Расулматов Ергешбек ағайларымыз және Ахатаева Ұлжан,Бекжанова Аманкүл,Асылбекова Аманкүл және Баймұханбетова Анар апайларымыз келіп, кеш мақсаты бойынша дайындалған іс-шараға қатысты.Кеш барысында оқушылардың дайындаған өнерлеріне ата-апаларымыз баталарын беріп,ризашылықтарын білдірді.

ПІКІР ЖАЗУ