Далалық зерттеу АКТсі жер кадастрі бөлімінің келісуімен аяқталды
Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Жандос Қалмырзаұлының төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиналыста 2005-2006 жылдары табысталған жер шешімдерінің заңдылығы талқыланды.
Талқылауға Түркістан қаласы прокуратурасының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы және Түркістан қалалық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бөлімінің қызметкерлері қатысты.
️2005 – 2006 жылдары берілген жер шешімдері қандай да бір мекен-жайда тіркелмеген. Бұл өз кезегінде жер телімінің орналасқан орнын анықтау кезінде қиындықтар тудыруда. Жер телімінің орналасқан орнын анықтау үшін жасалатын «Далалық зерттеу актісі» жеке кәсіпкер өкілдері тарапынан жүргізілген.
️Жеке кәсіпкерлер қате мәліметтер ұсынғаны салдарынан жер қатынастары саласында бірқатар мәселе туындаған. Мәжіліс барысында аталған мәселе бойынша далалық зерттеу актісін – Түркістан қалалық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бөлімімен келісіп жасау ұсынысы айтылды.
Сонымен қатар, жер комиссиясының құрамына Түркістан қалалық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бөлімінің қызметкерлерін қосу қарастырылды.