Чемпионға құрмет көрсетілді

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, джиу-джитсудың екі түрінен Азия чемпионы атанған Акбар Елубайұлын қабылдап, құрмет көрсетті. -Халықаралық спорттық жарыстарда биік белестерден көрініп жүрген Акбардың жетістіктері жастарға үлгі. Талантты спортшыларды қашанда қолдауға тырысамыз. Көк туымызды жыл басынан бері Испания, Өзбекстан мемлекеттерінде желбіретіп жүрген өзіңе, аудан әкімдігі атынын алғысымызды білдіремін,- деді Мұхит Тұрысбеков. Аудан басшысы спортшыға, алғашқы жаттықтырушысы Бақытжан Бейсенбаевқа алғыс хат табыс етіп, сый- сияпат жасады.

Өзі алғаш күрестің әліппесін үйренген аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде шеберлік сабағын өткізіп, балғын палуандармен кездесті. Акбар Елубайұлы- Өзбекстан мемлекетінің Бұқара қаласында 8-11 қыркүйек айында джиу- джитсудан Азия чемпионатында жеңімпаз болып, тұғыр биігінен көрінген болатын.

Қазан, қараша айында “Naiza” fighting championship кәсіпқой промушінінде өнер көрсетеді.

ПІКІР ЖАЗУ