Чемпиондарға құрмет көрсетілді
Ауданымызда халықаралық жарыстарда еліміздің мерейін үстем етіп, топ жарып жүрген спортшылар қатары күн санап артып келеді.
Солардың қатарына жақында «Асық ату» спортынан Румыния елінде өткен әлем кубігінің жеңімпазы жерлесіміз Қарабаев Алмас Оңласынұлы да енді.
Бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұт халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатып келген жерлесімізді шәкірттерімен бірге қабылдап, құрмет көрсетті.
Аудан басшысы спортшылармен сұхбат құрып, жеңістерімен құттықтады. Бұл жеңіс ауданымыздың ғана емес, еліміздің жеңісі екенің тілге тиек етіп, Алмас Оңласынұлы мен шәкірттеріне алдағы байрақты бәсекелерде сәттілік тіледі.
Ауданымызға қарасты А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінде денешынықтыру пәнінің мүғалімі қызметін қатар алып жүрген Қарабаев Алмас Оңласынұлы ұлттық құрама командасының капитаны ретінде көптеген жарыста топ жарған. ҚР кубогы мен чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы әрі жүлдегері.
Бүгінде Алмас бапкер ретінде де өзін дәлелдеп жүр. Оның шәкірттері асық және бес асық ату спорт түрлерінен ҚР чемпионатының және ұлттық ойындарының чемпиондары болып, сенімін ақтап келеді.
Шәкірттері
Кұлжанбай Аслан Еркінұлы
Ойнар Ақниет Куандықұлы
Нұркенұлы Даниал
Зиедалы Нұрсұлтан Бахытұлы
Ималат Алихан Аманкелдіұлы
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі