“Буллинг және кибербуллинг “ атты кездесу.
Жастар мен жасөспірімдер арасында буллингтің, аутодеструктивтік мінез-құлық, өз-өзіне қол жұмсау алдын алу мақсатында Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданы, Еңбекші ауылдық округі Абай атындағы ЖББМ -нің жоғарғы сынып оқушыларымен “Буллинг және кибербуллинг” атты кездесу өтті.
Мақсаты: Коғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардығ алдын-алу.
Оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы
жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара
сыйластық қарым-қатынасын орнату. Семинар тренинг барысында оқушыларға
бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтар берілді.
Жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылып, жағдаяттар ұсынылды.
Буллингпен қоса жүретін Кибербуллинг (электрондық кемістікте қудалау, онлайн қатыгездік) – бұл өзін-өзі қорғай алмайтын құрбанға карсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жағыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі құдалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі.