Буллинг, кибербуллинг тақырыбына түсіндеріме дәріс өткізілді

Созак аудандық полиция бөлімінің инспекторы Айжан Манапованың ұйымдастыруымен аудандағы Ы.Алтынсарин мектеп оқушыларына «Буллинг,Кибербуллинг» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, дәріс өткізілді.

Мұндағы басты мақсат: оқушыларға буллинг пен кибербуллинг туралы түсініктеме беру және өзара қарым қатыста әдептілікке шақыру. Полиция инспекторы Айжан Манапова дәрісті «Мен зорлық зомбылыққа қарсымын» тренингімен бастап, қатысушыларға жалпы зорлық зомбылық дегеніміз не? Және оның қандай түрлері болатындығы жайлы айтып берді.

Келесі кезекте Созақ аудандық орталық ауруханасының психолог маманы Айгүл Дүйсенбайқызы Керімбай балаларға «Буллинг, кибербуллинг» туралы ақпарат бере отырып, оқушыларға осы күнге дейінгі статистика бойынша буллинг пен кибербуллинг құрбаны болған балалардың саны мен жасы туралы айтып, егер де өздері немесе өзге біреулер осындай жағдайға ұшырап жатса не болмаса білетін болса оған дереу түрде қандай көмек көрсету керек екендігін айтып, және кімдерге көмекке жүгіну керектігін түсіндіріп өтті.

Өз кезегінде оқушылар аталған жаман әркетке бармайтындықтарын жеткізіп, білім мен тәрбиені қатар алып жүруге уаде берді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ