“Бұл мен үшін қалыпты жағдай”: Қошқарды 100 рет көтерген әйел елді таңқалдырды

 Риддерде өткен қошқар көтеру сайысында әйел адам жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Noks.kz сайтына сілтеме жасап.

Айым Нұржанова ерлермен бірге қошқар көтеру жарысында 100 рет отырып, тұрып қарсылас шақ келтірмеген.

Бұл нәтиже мен үшін қалыпты жағдай. Бірнеше жылдан бері бразилиялық жекпе-жек өнерімен айналысып келемін, мұнда күш жаттығуларына баса назар аударылады. Штангамен үнемі жаттығу жасаймыз. Жақында ғана ана атандым, бірақ спорттық шеберлігімнен айырылған жоқпын. Бұл жеңістің кілті болды, – деп мойындады чемпион.

Айымға сый ретінде өзі көтерген қошқар берілді.

ПІКІР ЖАЗУ