Бүгін Ордабасы аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстелге Ордабасы ауданының прокуратурасы, құқыс қорғау органдары, адвокаттар мен Ордабасы ауданының полиция тобының қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында Судья Ж.Үсен және Қ.Мирзабековтың баяндамасы тыңдалып, қазақ тілі-біздің рухани негізіміз екенін түсіндіріп, басты міндетіміз-оны барлық салада белденді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салып және мемлекеттік тілдің қолдану өісін кеңейту өз қолымызда екендігін айтып өтті.

Қазақстан Республикасындағы “Тіл туралы” заңының 4-бабында “мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі” делінген. Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуын, сот жүйесінде іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу мәселесіне жіті көңіл бөліну керектігін, ресми құжаттар негізінен мемлекеттік тілде жазылатынын, ал орыс тілінде жазылған құжаттың аударма нұсқасы болуы бұлжымас талап екенін нық басып айтып кетті.

Сонымен қатар, полиция тобы қызметкерлеріне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 738-бабының талаптарын, тіл жөніндегі қағидаттарының сақталуы мен хаттамаларды дұрыс толтыру керектігін назарына жеткізіп, қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

ПІКІР ЖАЗУ