Бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұт бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Кезекті жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы  және бөлім басшылары қатысты.

Қабылдауда әлеуметтік баспана, мемлекеттен қайтарымсыз грант алу, ерекше күтімді қажет ететің балаларға қосымша оңалту орталығын ашу, білім, әлеуметтік және құрылыс саласына қатысты мәселелер көтерілді. Аудан басшысы азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, айтылған мәселелер тұрақты бақылауда болатынын жеткізді. Бөлім басшыларына мәселелерді зерделеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ