«Борышкер» профилактикалық іс-шарасы басталды
Сайрам Ауданы Полиция Басқармасының бастамасымен, аудан аумағында ағымдағы жылдың 19-23 тамызы аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шара аудан көлемінде анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған әкімшілік айыппұлды ерікті және мәжбүрлі түрде өндіруге, борышкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бағытталған.
Құқықтық шара барысында аудандық полиция қызметкерлері мен жеке сот орындаушыларының бірлесуі нәтижесінде бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.
Атап айтқанда, тиісті қызметкерлер тарапынан әкімшілік айыппұлды төлеуден жалтарып жүрген құқық бұзушыларды анықтап, оларға салынған әкімшілік айыппұлдарды толық өндіру жұмыстары жүргізілуде.
АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Айыппұлдарыңыз бойынша қосымша мәліметтерді Сайрам АПБ ӘПБ-нен біле алатындарыңызды хабарлаймыз.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі