Болжам: 2025 жылы доллар қанша теңгеге жетуі мүмкін

 Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы 2025 жылы доллар бағамы қанша теңге болуы мүмкін екеніне болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаржы нарығының сарапшылары 2025 жылы ЖІӨ 4,4%-ға өседі деп болжап отыр. Олардың ойынша, келер жылы доллар бағамы 545,2 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Теңгеге шикізаттың төменбағасы, ОПЕК+мәмілесін орындау қажеттілігіне байланысты мұнай өндірісінің төмендеуі, қазақстандық шикізаттың (ҚХР және ЕО)негізгі тұтынушыларының экономикалық өсуінің баяулауы, импорттың көбеюі қысым көрсетуі мүмкін. Оның ішіндеинвестициялық жобаларды іске асыру, бағам бойынша күтулердің нашарлауы, өңірдегі күрделі геосаяси жағдай көрсетуі мүмкін және инвесторлардың тәуекелден қашуы әсер етеді, – деді экономистер. Қаржы нарығының сарапшыларының болжамынша, 2025 жылдың желтоқсанында инфляция 9,5 пайызды құрайды.

Сондай-ақ бір жылдан кейін базалық мөлшерлеме 14,25%деңгейінде болжанып отыр. Еске сала кетейік, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.

ПІКІР ЖАЗУ