Бөлім басшысы тағайындалды
Созақ ауданы әкімдігінде ішкі саясат бөлімінің басшысы болып Райымқұлов Ерлан Болатханұлы тағайындалды.
Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды жаңадан тағайындалған бөлім басшысы Ерлан Болатханұлын ұжыммен таныстырып, қызметіне толағай табыс, жауапты саладағы жұмысына абырой тіледі.
Райымқұлов Ерлан Болатханұлы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын Созақ аудандық «Созақ үні» газетінде тілшісі болып бастаған. 2014-жылдан бері Созақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы, аудан әкімі аппаратында бас инспектор, ауданы әкімі аппараты баспасөз қызметі бөлімінің басшысы, 2022 жылдың сәуір айынан қазіргі күнге дейін Созақ ауданы әкімінің кеңесшісі болып қызмет атқарған.